16 мамыр, дүйсенбіде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған “Швеция мен Финляндия НАТО-ға қабылдау жөніндегі өтінішіне Түркияның келісімін алу үшін Анкараға келеміз деп әуре болмай-ақ қойсын” деді. Ердоғанның сөзін Reuters агенттігі хабарлады.
Түркия президенті баспасөз жиыны кезінде Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдай алмайтынын айтты.
“Екі елдің де террор ұйымдар жөнінде айқын ұстанымы жоқ. Швеция – террор ұйымдар “балалайтын” орталық. Олар террористерді парламентке әкеліп, мінберге шығарады, террористерді арнайы шақырады”, – деді Түркия президенті.
Анкара Швеция мен Финляндия Күрдістан Жұмысшы партиясының содырларымен байланысы бар адамдарды паналатып отыр деп санайды.
Қандай да бір ел НАТО-ға қосылғысы келсе, ол жөніндегі өтінішін НАТО мүшелерінің бәрі қолдауға тиіс.
Биыл ақпанның 24-іне Ресей Украинаға басып кіргенен кейін Швеция мен Финляндия НАТО-ға қосылу жөнінде шешім қабылдаған.