Istanbul Photo Awards халықаралық байқауы жетінші жыл қатарынан түркиялық Анадолу ақпарат агенттігінің ұйымдастыруымен өтті. Биылғы байқау қорытындысы бойынша бангладештік Мохаммед Шаджаханның “Анамды жақсы көремін” атты фотосы үзік шықты.
Фото байқаудың шарты бойынша суретті өңдеуге болмайды. Суреттің негізгі түстерін ғана түзетуге рұқсат. Сондай-ақ фотосуреттер өткен жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін түсірілген болуы қажет.
Байқау ақпарат фотосы саласына үлес қосуға бағытталған. Ол арқылы әр түрлі мәдениеттерді, аймақтың ерекше жағдайын және қалыптасқан үрдісін көрсету көзделген.
2015 жылдан бері өтіп келе жатқан Istanbul Photo Awards байқауына 12000-ға жуық фотограф өз еңбегін ұсынған.
Назарларыңызға 2015 жылдан бүгінге дейінгі жылдың үздік фотосы топтамасын ұсынамыз:
Photo: Yik Fei Lam / The New York Times / Hong Kong
Гонконгтағы наразылықтар – 2020 жылдың үздік фотосы
Ер адам жұдырығымен қолшатырды қысып, құшағын айқара аша Цуен Ван қаласындағы полиция қызметкерінің қолындағы қаруға кеудесін тосып тұр.
Израиль, АҚШ және Палестина қақтығысы / Құдыс – 2019 жылдың үздік фотосы
Бұл фотода палестиналықтар АҚШ-тың Құдысты Израильдің астанасы ретінде жариялап және елшіліктерін Тель-Авивтен Құдысқа ауыстыру туралы шешіміне наразылық білдіруде. Палестиналық әйел Израиль қауіпсіздік күштері қызметкерін қала көшесінде видеоға түсіріп тұр.
Бала / Бангладеш – 2018 жылдың үздік фотосы
Қайтыс болған 11 айлық Рохиндждік босқын Абдул Азиздің көзін жапырақпен жауып қойған. Оның денесі 2017 жылы 4 желтоқсанда қайтыс болғаннан бірнеше сағат өткен соң Бангладештегі Кокс базарының жанындағы балухали босқындар лагеріндегі пәтерге жеткізілді. Екі ай бұрын Мьянмадан қашқан Абдул Азиз 10 күн бойы қызуы көтеріліп және қатты жөтелден жергілікті клиникада қайтыс болған.
ДАИШ-тен қашу – 2017 жылдың үздік фотосы
ДАИШ басқаратын аймақтан қашқан жүкті әйел шекара сызығында сирек кездесетін саңылаулардың бірін тауып, күрд әскерилерінің қадағалауымен майдан сызығын кесіп өтті.
Жылап көмек сұрап тұрған сириялық бала – 2016 жылдың үздік фотосы
2015 жылы 2 ақпанда Сирия президенті Башар Асадқа адал күштердің әуе соққыларынан жараланған сириялық бала Дамаск астанасының солтүстік-шығысындағы дума ауданындағы оппозицияның бақылауындағы ауруханада ем алуды күтіп тұр. Сириядағы қақтығыс басталғалы 200 000-нан астам адам қайтыс болып, халқының жартысына жуығы көшкен.
Либериядағы эбола індеті – 2015 жылдың үздік фотосы
2014 жылы 5 қыркүйекте медициналық қызметкерлер эбола індетін жұқтырған сегіз жасар Джеймс Дорборды Либериядағы Джон Кеннеди ауруханасына әкетіп барады. Джеймс ауруханаға жатқызылғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болған.