Коронавирус: “жасыл аймақтағы” өңірлер саны артты

0
536
Photo: Turar Kazangapov

27 мамыр таңертеңгі ақпарат бойынша Ақтөбе облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша “сары” аймақтан “жасыл” аймаққа өтті. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы хабарлады.

Эпидемиологиялық жағдай бойынша қазіргі таңда “қызыл” аймақта 4 өңір (Нұр-Сұлтан, Алматы қ, Ақмола, Қарағанды о.), “сары” аймақта 5 өңір (Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік және Батыс Қазақстан о.), ал “жасыл” аймақта 8 өңір орналасқан (Шымкент қ, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан о.).

Бұдан бөлек Қазақстанда 1849 адамнан коронавирус табылды. 107 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 23 адам коронавирустан қайтыс болды. Ал, коронавирус пневмониясынан қайғылы жағдай тіркелмеді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 380 160 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 9 айға жуық уақыт ішінде 54944 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 893 адам қайтыс болған. 51020 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз