Нұр-Сұлтан қаласының “Үздік олимпиада мектептері” белгілі болды

0
599

Астаналық 10 мектеп 2020-2021 оқу жылындағы республикалық олимпиада қорытындысы бойынша “Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектебі” тізіміне енді. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Республикалық олимпиада нәтижесі бойынша елордалық 3 мектеп жүлделі орынға ие болып, “Үздік олимпиадалық мектеп” атанған. Олар: Дарынды жасөспірімдерге арналған “Білім-инновация” лицейі, NURORDA мектеп-лицейі және № 46 мектеп-гимназиясы.

Қалалық білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбайдың айтуынша, оқу жылы соңында 110 астаналық оқушы республикалық олимпиаданың ақтық кезеңіне өтіп, 68 жүлделі орыннан (11 алтын, 24 күміс және 33 қола медаль) көрінген.

“Халықаралық және республикалық олимпиадалардың үздік түлектері мен жеңімпаздары: Данат Дүйсенбеков – Spectrum (математика), Ділнәз Уәлиева – «Зерде» (математика), Аманбол Қанатұлы – NURORDA мектеп-лицейі (информатика), Сейсенбұл Бақдәулет – дарынды жасөспірімдерге арналған БИЛ (химия), Фетуллах Сам – дарынды жасөспірімдерге арналған БИЛ (математика). Аты аталған оқушылар әлемнің түрлі жоғары оқу орындарына шақырту алған”, – деді Шәкәрім Сейсенбай.

Нұр-Сұлтан мектептерінің олимпиадалық құрамасы «Үздік олимпиадалық команда» атағын кезекті мәрте қорғаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз