2023 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде төрт мыңға жуық қазақстандық Ұлыбритания фермаларында маусымдық жұмысқа виза алуға өтініш білдірді, деп хабарлайды World of NAN.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы кадр тапшылығын сезінуде, бірақ қазақстандықтар ағылшын фермаларында қара жұмыс істеп ақша тапқанды жөн көреді. Олар ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін маусымдық жұмысшыларды тартатын арнайы бағдарлама бойынша барады, 2019 жылдан бастап оған Қазақстан азаматтары да қатысып келеді.
2019 жылы небәрі төрт өтінім берілген. Одан кейін 2020 жылы – 11 өтініш; 2021 жыл – 402 өтініш; 2022 – 2711 өтініш. Ал 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана 3994 өтініш түскен.
Қазақстандықтар Ұлыбританияда жалақысы аз саналатын жұмыстың өзінен айына миллион теңгеге жуық табыс таба алады, ал Қазақстанда орташа жалақы үш есеге дерлік аз – 365 мың теңге.