Полиция полковнигі 10 км қашықтыққа жүгіруден әлем рекордын “жаңартқан”

0
96
Полиция полковнигі, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Полиция полковнигі, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің журналиске берген сұхбатында жүгіруден рекорд “жаңартқаны” белгілі болды.

Салтанат Әзірбек, Ольга Спиринаға берген сұхбатында жүгіру марафонына дайындық барысында 10 км қашықтықты 26 минутта жүгіріп өткенін айтты. Әлемдік деңгейде ер адамдар арасында 10 км қашықтыққа жүгіруден рекорд 26 минут 11 секундты құрайды. Ал, әйелдер арасында рекорд 29 минут 1 секундты құрайды. Салтанаттың сөзінше ол әлемде тек әйелдер емес, ерлердің де рекордынан асып түскен.

«Мен жүгіру марафонына дайындық ретінде жыл сайын сәуір айында тұңғыш президент атындағы саябақтан, «Целинный» кинотеатрына дейін жүгіретінмін. Мен осылайша уақытты белгілегенімде 10 км арақашықтықты 26 минутта жүгіріп өтіппін», – деді полиция департаментінің өкілі.

Полиция полковнигінің бұл әңгімесіне таңданып Ольга Спирина, өзінің 10 км қашықтықты бір сағатта жүгіретінін айтып, Салтанат Әзірбекке «сіз олимпиада чемпионы екенсіз» деп мақтады.

«Мен өз нәтижемнен шабыт алатынмын. Тіпті дұрыс тамақтану негіздерінде жақсы білемін. Диссертация да қорғай аламын», – дейді Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, халық арасында танымал «2гис» навигаторы бойынша Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақтан «Целинный» кинотеатрына дейінгі арақашықтықты (9,9 км) көлікпен шамамен 29 минутта, автобуспен 40 минутта, велосипедпен 50 минутта, электр самокатпен 50 минутта ал жаяу жүргінші 1 сағат 49 минутта жүріп өтеді деп көрсетілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз