Қайтыс болған 400-ге жуық адамның мойынында әлі күнге қарыз тұр

0
92

Қостанай облыстық прокуратурасы жергілікті сот орындаушылардың қайтыс болған азаматтар ісін уақытылы тоқтатпағанын анықтады, деп хабарлайды 24.kz.

Бақилық болғандардың борышы 10 миллион теңгеге жуық. Оның ішінде әкімшілік айыппұл, алимент төлемі бар. Ал заң бойынша егер қарыз мирасқорға ауыспаса, атқарушылық іс жабылуға тиіс. Бірақ бұл заң талабы орындалмаған. Енді аталған құқық бұзушылық бойынша 17 сот орындаушыны тәртіптік жауапкершілікке тартпақ. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз