2025 жылға дейін 8 ұлттық жоба жұмысын тоқтатады

0
49
депутат Асанова Жанна

Сенат отырысында депутат Асанова Жанна ұлттық жобалар мәселесін қозғады. Ол, өз сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2025 жылға дейін жоспарланған 8 ұлттық жоба күштерін жоюда. Бұл “Дені сау ұлт” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” жобасы, “Білімді ұлт” сапалы білім беру” және “Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу” және т.б. жобалар», – дейді депутат.

Осыған байланысты Асанова Жанна келесідей сұрақтар қойды:

  1. Бұл жобалар қойылған міндеттерді орындап, барлық көрсеткіштерге қол жеткізгендіктен немесе одан әрі жетілдіру талап етілгендіктен күшін жоюға ұшырап отыр ма?
  2. Қандай бағдарламалық құжаттарда осы ұлттық жобалардың нысаналы көрсеткіштері ескертілген?

Премьер-министрдің айтуынша ұлттық жобалар қысқартылған. Жабылатын жобалардың орнын жетілдірілген жобалар басады.

«Үкімет тарапынан мемлекеттік жоспарлау жүйесінің реформалау бойынша кешенді жұмысы жүргізілді. Тәсілдер өзгертіліп, жетілдірілді. Енді ұлттық жоба болып, нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған құжат және осы мәселелерді шешу үшін толығымен қаржыландырылған құжат болып есептеледі. Осыған байланысты үш ұлттық жоба бекітілді. Ол «қолайлы мектеп, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту және қолжетімді интернет». Тиісінше бұрынғы 10 ұлттық жобалар қысқартылды», – деп жауап берді Әлихан Смайылов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз