Оңтүстік Кореяда тірі адамдарға да жерлеу рәсімі жасалады

0
501

Оңтүстік Корея елінде тірі адамдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыратын Hyowon атты агенттік пайда болған. Олар жүйкесі жұқарған немесе күйбең тірліктен шаршаған халықты осы процедура арқылы оңалтып жатқанын айтады. Бұл туралы vesti.ru сайты хабарлады. 

Процедура дәл қайтыс болған адамды жерлеу рәсіміне ұқсас. Мұнда келген адам ағаш табыттың ішінде 10 минут жатады. Ішіне кірген адам, өткен өмірін ойлап, өзіне сабақ алып, қандай әбестікке жол бергенін және т.б. мәселелерін ойлайды. Бұл агенттік соңғы 7 жылда 25000 тұрғынға қызмет көрсеткен. Бұл жерге жас шамасына қарамастан қалаған адам келе алады.

Рәсімді ұйымдастырушының айтуынша осы жерде “жерленіп” қайта кеткен кісілер өзгелерден кешірім сұрауға асығады және өмір сүруге деген құлшынысы артады екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз