Байден итпен ойнап жүріп аяғын жарақаттап алды

0
142
Джо Байден итімен. Photo: theaustralian.com.au

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңімпаз атанған Джо Байден итімен ойнап жүріп аяғын жарақаттап алды.

Алғашында сіңірі тартылып қалды деген ақпарат шыққан еді, алайда жексенбі күні Байденді қараған ортопед оның аяғына екі жерден жарақат түскенін анықтаған. Соған байланысты жаңадан сайланған президент бірнеше апта бойы арнайы ортезбен жүрмек.

20 қарашада Байден 78 жасқа толды. Ол АҚШ тарихындағы жасы ең үлкен президент атанайын деп тұр. Сайлау кампаниясы кезінде оның денсаулығына байланысты қауіп айтылған, алайда дәрігерлер оның денсаулығы жақсы, тың екенін және міндетін атқаруға әзір екенін айтқан.

Сайлау нәтижесін әлі күнге дейін даулап жүрген қазіргі президент Дональд Трамп Twitter-де Байденге тезірек жазылып кетуіне тілектестік білдірді.

Байденнің отбасында Мейджор және Чемп атты екі неміс овчаркасы бар. Инаугурациядан кейін олардың да Ақ үйге көшірілетіні айтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз