Стамбулда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесі ашылды. Салтанатты ашылуға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан басшылары және Мажарстан премьер-министрі қатысты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Түркияда жүр
“Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары Түркі Кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бет алды. Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады”, – делінген Қазақстан президенті баспасөз хатшысы таратқан ақпаратта.