Ауғанстанда мешітте жарылыс болды, зардап шеккендер бар

0
93
© AP Photo / Rahmat Gul

12 қарашада Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясындағы мешітте жарылыс болды. Бұл туралы Риа Новости сайты хабарлады.

Оқи отырыңыз: Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан ондаған адам мерт болды

Жарылыс жұма намазы уақытында болған. Оқиғадан 16 адам зардап шекті. Бұған дейін дәл осындай жарылыс қазан айында жұма күні Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы мешітте болған еді. Оқиғадан ондаған адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз