Тоқаев Түркияда жүр

0
359
Қазақстан президенті мінген ұшақ Стамбулға қонған сәт.

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 8-саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Түркияның Стамбул қаласына келді. Ол жұмыс сапарын Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуден бастады. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та хабарлады.

Уәлидің жазуынша, Әміреев президентке Түркі кеңесінің алдағы саммитіне дайындық барысы, оның ішінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелер және кездесудің қорытындысы бойынша қабылданатын шешімдер жөнінде мәлімет берген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев.

“Бағдат Әміреев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұйымның қызметі мен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің бүгін өткен кеңесінің қорытындысы туралы айтты”, – делінген хабарламада.

Президент Тоқаевтың Түркияға сапарында бірқатар елдің басшыларымен екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз