4 наурыз күні Түркияның оңтүстік-шығысында әскери тікұшақ құлап, 10 сарбаз және генерал-лейтенант Осман Ербаш қаза тапты. Бұл туралы Нaberturk хабарлады.
Тікұшақ түстен кейін Бингөл қаласынан көтеріліп, Битлис провинциясындағы Татван қаласына құлаған. Тікұшақпен байланыс әуеге көтерілгеннен 30 минут өткен соң үзілген.
Іздеуге дрондар, CN-235 ұшағы және тікұшақ жіберілді. Нәтижесінде тікұшақтың құлағаны анықталды. Апат болған жерден тоғыз мәйіт және жарақат алған 4 адам табылды. Кейіннен қаза тапқандар 11 адамға дейін өскен.
Түркия президент Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Апатқа байланысты тергеу басталды.