Түркияда тікұшақ апатынан 11 әскери қаза тапты

0
1,408
Rescue workers, soldiers and civilians walk around the wreckage of a military helicopter that crashed on March 4, 2021, near the Turkish eastern city of Bitlis. - Nine Turkish soldiers were killed and four wounded on March 4, when their military helicopter crashed in the southeast of the country, the defence ministry said. The helicopter crashed in the town of Tatvan, in the predominantly Kurdish-populated Bitlis province. The ministry said the accident involved a Cougar helicopter but provided no details about the model. (Photo by - / IHLAS NEWS AGENCY / AFP) / Turkey OUT

4 наурыз күні Түркияның оңтүстік-шығысында әскери тікұшақ құлап, 10 сарбаз және генерал-лейтенант Осман Ербаш қаза тапты. Бұл туралы Нaberturk хабарлады.

Тікұшақ түстен кейін Бингөл қаласынан көтеріліп, Битлис провинциясындағы Татван қаласына құлаған. Тікұшақпен байланыс әуеге көтерілгеннен 30 минут өткен соң үзілген.

Іздеуге дрондар, CN-235 ұшағы және тікұшақ жіберілді. Нәтижесінде тікұшақтың құлағаны анықталды. Апат болған жерден тоғыз мәйіт және жарақат алған 4 адам табылды. Кейіннен қаза тапқандар 11 адамға дейін өскен.

Түркия президент Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Апатқа байланысты тергеу басталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз