Ақтаудан жаңа халықаралық әуе рейсі ашылады

0
302

8 наурыздан бастап Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады. Бұл туралы азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап tengritravel.kz хабарлады. 

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, әуе рейстерін SCAT компаниясы орындайды. Рейстер Boeing 737 ұшағымен дүйсенбі және сәрсенбі күндері ұшады.

“Қазақстанда коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2 наурыздағы шешіміне сәйкес,  Ақтау – Үргеніш – Ақтау бойынша жаңа халықаралық тұрақты рейстің ашылуына рұқсат берілді. Жаңа әуе рейсі аптасына екі рет орындалады “, – делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес және авиакомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Жақында Грузиямен тұрақты рейстердің қалпына келетіні белгілі болды. 16 наурыздан бастап Алматыдан Тбилисиге аптасына үш рет тікелей рейстер ұшады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз