“Қайрат” Қазақстан Суперкубогінің 3 орын иегері (видео)

0
262

Футболдан Қазақстан суперкубогінің 3 орын үшін матчта алматылық “Қайрат” пен қарағандылық “Шахтер” командалары кездесіп, 2:1 есебімен “Қайрат” командасы жеңіске жетті.

6 наурыз күні суперкубок финалында “Тобыл” командасы “Астана” командасына қарсы ойын көрсетеді.

Алғашқы тайм 0:0 есебімен аяқталды. Екінші тайм жандана түсіп “Шахтер” командасы 0:1 есебімен алға шықты. Алайда, “Қайрат” командасы камбэк жасап, 2:1 есебімен ойынды аяқтады. 

Атап өтейік, барлық ойын Түркістан қаласындағы “Түркістан-арена” стадионында өтіп жатыр.

Қазақстан Суперкубогі – 2008 жылдан бері өтіп келе жатқан және бүгінге дейін өзінің бастапқы түрінде сақталған отандық футболдағы жалғыз ауыспалы кубок.

Оқи отырыңыз – Қазақстан суперкубогінде “Астана” командасы “Шахтердан” басым түсті (видео)

Оқи отырыңыз – Қазақстан суперкубогінде “Тобыл” командасы “Қайратты” пенальти сериясында жеңді (видео)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз