Қазақстан суперкубогінде “Астана” командасы “Шахтердан” басым түсті (видео)

0
190

Футболдан Қазақстан суперкубогінің 1/2 финалында нұрсұлтандық “Астана” мен қарағандылық “Шахтер” командалары кездесіп, 2:0 есебімен “Астана” командасы финалға өтті.

Алғашқы таймның 18 минутында Жарко Томашевич баспен гол соғып есеп ашты. Одан кейін ойынның 73 минутында Тигран Барсегян есепті 2:0-ге жеткізді. Атап өтейік, барлық ойын Түркістан қаласындағы “Түркістан-арена” стадионында өтеді.

Алғаш рет ерекше мәнерде өтіп жатқан турнирде тағы алматылық “Қайрат” және қостанайлық “Тобыл” командалары бар. Олар бір-бірімен 3 наурыз күні сағат 15:00-де ойын өткізіп, финалға өткен “Астананың” қарсыласын анықтайды.

Турнирдің ережесі бойынша командалар 3 орын үшін де таласатын болады. Ол, 5 наурызға, ал финал 6 наурызға жоспарланған.

Қазақстан Суперкубогі – 2008 жылдан бері өтіп келе жатқан және бүгінге дейін өзінің бастапқы түрінде сақталған отандық футболдағы жалғыз ауыспалы кубок.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз