Ақордада Тоқаев пен Жапаров кездесті

0
79
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. Photo: akorda.kz

2 наурызда Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың кездесуі өтті.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келді

Ақорда сайтының хабарлауынша, екі ел басшысының кездесуінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Садыр Жапаровтың президент ретінде алғашқы мемлекеттік сапарын Қазақстаннан бастағанының маңызы зор екенін атап өткен”. Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға сапармен келуге шақырған.

“Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты стратегиялық серіктестіктің ауқымды мәселелері, атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ, Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстарды талқылады” деп жазды Ақорда.

Кездесуде екі президент ортақ мәлімдеме қабылдап, қос ел үкіметтері арасында әскери-техникалық көмек көрсету, электр энергиясы және өзге мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылған.

Екі күнге созылатын сапар аясында Жапаров бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевпен, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллинмен, премьер-министр Асқар Маминмен және қазақстандық кәсіпкерлермен кездеседі.

Қырғызстанда былтыр қазан айында билік ауысқалы бері екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі алғаш рет өтіп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз