Лукашенко ұлын президент көмекшісі қызметінен босатты

0
170
Белоруссия президенті Александр Лукашенко.

Белоруссия президенті Александр Лукашенко үлкен ұлы Викторды ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі қызметінен босатты. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлады.

Тиісті жарлыққа президент Лукашенко 26 ақпанда қол қойған. Виктор Лукашенконың отставкаға кетуі оның жаңа лауазымға ауысуымен байланысты.

26 ақпанда президенттің ұлы Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) төрағасы болған. Ол осы лауазымда 1997 жылдан бері отырған әкесін алмастырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз