EURO-2022: Қазақстан Белоруссияны жеңді (видео)

0
290
2 наурыз күні Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші ойында Белоруссия құрамасын қабылдап, 5-2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы беларусиялықтарды Нұр-Сұлтан қаласы “Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында” қабылдады.

Ойын басталысымен тізгінді қолға алған қазақстандықтар бірінші таймда жауапсыз үш гол соқты(Есенаманов 3; Оразов 9; Лео 15;). Екінші таймның екінші минутында қақпашының қателігін пайдаланып төртінші голды Есенаманов соқты. Алайда, 27 минутта беларусиялық Крыкун құрамасының алғашқы голын соқты. 29 минутта Тұрсағұлов есепті 5:1-ге жеткізгенімен, көп ұзамай 30 минутта Рабыко құрамасының екінші голын соқты.

Осылайша Каканың (толық аты – Па́улу Рика́рду Фиге́йра Си́лва) жаттықтыруымен қазақстандықтар алты ұпаймен топта бірінші орында тұр.

Қазақстан бесінші топта Венгрия, Беларусия және Израиль құрамаларына қарсы ойнайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз