Қазақстанның бірнеше аймағында жолдар жабылды

0
167

Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе, БҚО және ШҚО-да жолдар жабылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қозғалысы шектелген жолдар:

Ақтөбе облысы:

  • Самара-Шымкент (776-965километр), Өлке – Қарабұтақ;
  • Самара-Шымкент (265-526 километр), Подстепное – Ақтөбе облысы шекарасы.

Батыс Қазақстан облысы:

  • Атырау-Орал (375-492 километр), Чапаево – Орал учаскесі;
  • Орал-Тасқала-Ресеймен шекара (31-104 километр), Переметное – Ресеймен шекара.

Шығыс Қазақстан облысында:

  • Омбы-Майқапшағай (756-906 километр), Семей – Қалбатау;
  • Алматы-Өскемен (778-967 километр), Аягөз – Қалбатау;
  • Өскемен-Семей (км. 10-198), Герасимовка – Семей;
  • Өскемен-Шемонаиха-Ресеймен шекара (36-102 километр), Предгорное – Шемонаиха;
  • Өскемен-Риддер-Ресеймен шекара (15-105 километр), Белоусовка – Риддер.

Қазгидромет хабарлауынша, елде әлі ауа райы құбылмалы. Тұман, көктайғақ, боран болып, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Сегіз өңірде дабылды ескерту жарияланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз