Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар енгізіледі. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
«Жаңа ғана мен ҚХР-дың төрағасы Си Цзиньпинмен Солтүстік Кореяның әрекетеріне қатысты сөйлестім. Бүгін Солтүстік Кореяға қарсы қосымша санкциялар енгізіледі. Бұл жағдаймен айналысатын болады!», – деп жазады Д. Трамп әлеуметтік желідегі (Twitter) парақшасында деп келтіреді zakon.kz.
Атап өтерлігі, 29 қараша түнде КХДР кезекті зымыран сынақтарын өткізді. Солтүстік Корея билігі АҚШ-тың кез келген аймағына жетуге қабілетті «Хвасон-15» континентаралық баллистикалық зымыран ұшырғандарын жариялады. Соңғы рет зымыранды КХДР 15 қыркүйекте ұшырған еді.
Сабина Сайлаубай