АҚШ әлемнің барлық елдерін КХДР-мен байланыстарын үзуге шақырды

0
96

БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейлидің мәлімдеуінше АҚШ әлемнің барлық елдерін Слотүстік Кореямен қарым-қатынасын үзуге, оның ішінде сауда-саттықты тоқтатуды және КХДР азаматтарын елден шығаруға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Нью-Йоркте сәрсенбі күні АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің бастамасы бойынша Пхеньяндық баллистикалық зымыранның ұшырылуына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысын бастады.

Никки Хейли БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше кездесуі барысында

«Біз барлық елдерді БҰҰ санкцияларын жүзеге асырумен қатар, Солтүстік Кореямен барлық байланыстарды үзуге, сондай-ақ, ынтымақтастықтың барлық салаларына қатысты, оның ішінде саудамен байланысты импорт пен экспортты тоқтатып, Солтүстік Корея азаматтарын елден шығаруға шақырамыз»,

– деп мәлімдеді.

Н.Хейли сонымен қоса Солтүстік Кореяны БҰҰ-да дауыс беру құқығынан айыруға шақырды.

Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР басшысы Си Цзиньпинге Солтүстік Кореяға мұнай жеткізуді тоқтатуды ұсынып,

«Қытай Солтүстік Кореяға мұнай жеткізуді тоқтатуы керек, әйтпесе АҚШ бұл жағдайды өз қолына алуға мәжбүр. ҚХР жетекші рөл көрсетіп, даулы мәселені аяғына дейін жеткізу керек»,

– деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Сәрсенбі күні түнде Жапон және Оңтүстік Корей әскерлері Жапония жағалауынан 210 шақырым жерде құлаған Солтүстік Кореяға тиесілі зымыранның іске қосылғанын анықтаған болатын.

Оңтүстік Корея қарулы күштері комитетінің мәліметінше КХДР сынақ жүргізген зымыран- тасығыш 950 шақырым қашықтыққа ұшып, 4 мың 475 шақырым биіктікті бағындырған.

Сынақ сәтті аяқталғанын хабарлаған Солтүстік Кореялық БАҚ КХДР басшысы Ким Чен Ынның бұйрығымен  Вашингтон тарапынан жасалып жатқан саясатқа жауап ретінде жүзеге асырылған «Хвасон-15» зымыраны АҚШ-тың барлық аймағын қамтитынын мәлімдеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз