ҚР СІМ Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранды ұшыруын батыл айыптады

0
49

Қазақстан Республикасы Корей Халық Демократиялық Республикасының 2017 жылғы 29 қарашада баллистикалық зымыранның кезекті ұшыруын батыл айыптайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

КХДР билігін зымыран-ядролық менмендіктен бас тартуға, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мүлтіксіз сақтап, сонымен бірге өз халқының және бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен сәттілігін дамытуды сақтау үшін келіссөз үстеліне оралуға қайта шақырамыз.

Корей түбегіндегі арандатушылық әрекеттер дүниежүзілік қауымдастығының ядролық қаруды таратпау режимінің нығайтуды және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күш-жігеріне айтарлықтай зиян келтіреді.

Қазақстан бұрынғыша солтүстік корей ядролық бағдарламасының бейбіт жолмен шешім көретінін атап, барлық мүдделі тараптарды шыдамдылыққа және КХДР ядролық бағдарлама бойынша көпжақты келіссөздер процесін жаңғыртуға шақыруда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз