Елбасының Беларусияға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды

0
79

Қазақстан Президентінің Беларусь Республикасына ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

– Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы шарт және 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасы;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2018-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары;

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасының Спорт және туризм министрлігі арасындағы Дене шынықтыру және спорт саласындағы 2018-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдени ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Беларусь Республикасының Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шарт.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз