Түрік лирасы рекордты түрде құлдырады

0
183
дереккөзден

Сәрсенбіде түрік лирасының курсы сауда-саттық бойынша 5 % төмендеп, долларына 4,9 құрады. Euronews таратқан ақпарға сәйкес, геосаяси анықсыздық пен Батыс салымшыларының Ердоғанның саясатына сенімсіздігі салдарынан халықаралық салымшылар түрік валютасы нарығынан активтерін шығарды.

COMMERZBANK экономисті Петер Диксон орталық банктің қызметіне биліктің араласуы нарықта алаңдаушылық тудыратынын атап өтіп, аталған жайттың түрік лирасының құлдырауына түрткі болғандығын айтады.

Түрік лирасының долларға қатысты құлдырауы қарқынды дамып келе жатқан елдер валютасы арасында ең ауқымды құлдырау болды. Осы жылы песо 24 % (Аргентина), реал 10 % (Бразилия), рубль 6 % (Ресей) жоғалтты.

Сәрсенбіде Стамбұл қаржы биржасы өздерінің қазіргі валюта активтерінің ауқымды бөлігін түрік лирасына аударды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз