Қазақстан бәсекеге қабілеттілік бойынша 38 орынға ие болды

0
115
дереккөзден

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 38 орынға ие болды.

IMD World Competitiveness Rankings рейтингінде бәсекеге қабілетті 5 мемлекет көшін АҚШ, Гонконг, Сингапур, Нидерланды мен Швеция бастады. Өткен жылы да аталған мемлекеттер ең бәсекеге қабілетті болған еді, дегенмен, биылғы жылы олардың орындары ауысқан. Мәселен, АҚШ өткен жылы бәсекеге қабілеттілік бойынша үшінші орынға ие болса, биыл бірінші орынға жайғасты. Дәл солай өткен жылы Гонконг бәсекеге қабілеттілік бойынша бірінші орында тұрса, осы жылы екінші орынды місе тұтты.

Бәсекеге қабілеттілік бойынша ондыққа енген мемлекеттер: Дания, БАӘ, Норвегия, Швеция және Канада. Австрия 18 орында, Қытайдың үлесінде 13 орын. Ресей мен Түркия 46 орыннан 45 орынға жайғасты.

Соңғы 53-63 орындарды Украина, Бразилия, Хорватия, Моңғолия мен Венесуэла алды.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингін сараптайтын IMD орталығы аталған рейтингті 1989 жылдан бері жариялап келеді. Мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда 258 көрсеткіш негізге алынады, соның ішінде жұмыспен қамту ұлттық статистикасы, сауда, жемқорлық, экологиялық мәселелер және өмір сүру сапасы.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз