Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды

0
181

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары Баткен облысының Бұлақ-Башы шекара аймағында тағы да бір-біріне қарсы қару қолданды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұсынған мәлімет бойынша, қақтығысқа Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Тәжікстан Республикасының шекара жасағының пайда болуы себеп болған.

Тәжік сарбаздары қос тараптың арасында бұған дейін жасалған келісімдерді бұзып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияға жайғасқан.

“Қырғыз тарапының аумақтан кету туралы заңды талабын елемей, тәжік шекарашылары қарсы оқ атқан. Бұған жауап ретінде Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің шекарашылары да қару қолданды. Екі тараптың шекара жасақтары арасында атыс басталып, оқиға барысында тәжік тарапы минометтер қолданды”, – деп хабарлады Қырғызстан шекара қызметі.

Сағат 09:30-дағы мәлімет бойынша, атыс біресе тоқтап, біресе қайта басталып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, қырғыз тарапынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тараптар кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз