Түрік инвесторлары Ақтөбеде ядролық медицина орталығын салады

0
150
фото: medicalparkinternational.com

Ақтөбеде ядролық медицина орталығы салынады. Түрік инвесторлары жобаға 50 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «OrhunMedical» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторларға өңірдің денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласындағы ядролық медицина және томотерапия орталығымен бірге ОrhunМedical көпсалалы клиникасын салу жайы сөз болған. Сондай-ақ Қазақстанның батыс өңіріндегі қалаларда Позитронды-эмиссиялық томографияның екі орталығын, бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томографияны ашуға қатысты мәселелер талқыланған.

Жобаны «OrhunMedical» басқарма төрағасы Гоненч Дырык таныстырды. Инвестиция көлемі 50 млн долларды құрайды.

Ядролық медицина орталығының өндірістік қуаты айына 12 мың ОФЭКТ/КТ зерттеулерін құрайды. Ақтау және Атырау қалаларында жыл сайын 9 мың зерттеу жүргізіледі.

“Бұл маңызды жоба. Соның арқасында батыс өңірінің тұрғындары жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек ала алады. Біз оны жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Кадр мәселесін медицина университеті шешеді. Онда мамандарды даярлау бойынша база ашуға болады”, – деп атап өтті облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз