Қазақстан мен Қытай Сүмбе өзеніне байланысты келісімге келді

0
218
фото: inform.kz

ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сүмбе трансшекаралық өзені туралы келісімге қол қойылды. Бұл ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткізілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан келісімге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.

“Су қатынастары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған жоғары деңгейдегі барлық екіжақты кездесулерде су мәселелерін үнемі талқылау дәлел болады”, – деді вице-министр өзінің кіріспе сөзінде.

Айта кету керек, аталған құжатқа қол қою Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға және Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына су жинауды жақсартуға мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз