Қазақстанға Қытай президенті Си Цзиньпин келді

0
231
Қазақстанға келген Қытай басшысы Си Цзиньпинді президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып тұр. Photo: Bort #1

14 қыркүйекте Қазақстан астанасына Қытай президенті Си Цзиньпин мінген ұшақ келіп қонды. Бұл Қытай басшысының коронавирус пандемиясы басталғалы алғаш рет шетелге мемлекеттік сапары.

Си Цзиньпинді әуежайдан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.

Екі жылдан астам уақыт елінен шықпаған Қытай басшысы алғаш табан тірейтін ел – Пекиннің байырғы әріптесі Қазақстан болмақ. 14 қыркүйекте ол Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Айбек Смадияровтың айтуынша, кездесу кезінде біраз екіжақты құжатқа қол қойылады.

Қазақстан – Қытайға металл, мұнай сияқты түрлі шикізат беретін ел, оның үстіне ол – Қытайды Еуропамен жалғайтын “Бір белдеу – бір жол” инфрақұрылым жобасындағы ең басты серіктес. 2013 жылы Си Цзиньпин осы аса амбициялық жобаны дәл осы Қазақстанда жариялаған еді.

Қазақстан астанасынан соң Қытай басшысы Өзбекстанның Самарқан қаласына барып, 15-16 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Өзбекстандағы саммитте оның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетіні хабарланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз