Діндер көшбасшылары съезінен фоторепортаж

0
140
Cъезд жаппай үнсіз дұға етумен басталды.

14 қыркүйекте Қазақстан астанасында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі басталды.

Жиынның басты тақырыбы – “Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі”.

Cъезд жаппай үнсіз дұға етумен басталды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Рим папасы Франциск Тәуелсіздік сарайына кіріп келе жатыр.

“Съездің өткізілуі – еліміз бен бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін Қазақстан саясатының маңызды бағыты. Бұған дейінгі форумдарда қабылданған декларацияларда қандай идеялардың атын жамылғанына қарамастан радикализм, зорлық-зомбылық пен қақтығыстар әрдайым сынға алынды. Қазіргі күрделі жағдайда діни көшбасшылардың бір үстел басына отырып, кез келген қайшылықты еңсеретін ізгі амалдың үлгісін күллі әлемге көрсетуі аса маңызды. Менің ойымша, біздің съездің басты миссиясы мен ерекшелігі осында”, – деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим папасы Франциск, Мысырдағы әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып, Мәскеу Патриархаты Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы Митрополит Волоколамский Антоний, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф т.б дін қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейнеүндеу жолдаса, Сенат төрағасы – хатшылық басшысы Мәулен Әшімбаев жиынға модераторлық жасады.

Әлем және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде сөйлеп отырған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 14 қыркүйек, 2022 жыл.

Әлем және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алғаш рет 2003 жылдың қыркүйек айында Астанада өткен. Содан бері әр үш жыл сайын өткізіп тұруға шешім қабылданған. Биыл VII-отырысы өтіп жатыр.

Айта кетейік, съезд екі күнге созылады. Жиынға арнайы келген дін қайраткерлері пленарлық және секциялық отырыстарға қатысып, сөз сөйлейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз