Қаңтар айындағы ҰБТ басталды

0
149
ҰБТ тапсыру барысы.

10 қаңтарда 2023 жылдың алғашқы Ұлттық бірыңғай тестілеуі басталды. Емтихан 10 ақпанға дейін жалғасады. Тестілеуге қатысуға 125 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл жөнінде ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

“Бүгін 2023 жылғы алғашқы ҰБТ басталды. Біз тестілеу кезінде ғана емес, оған дайындық барысында да жағдай жасауды жалғастырамыз. Мысалы, 11 білім беру орталығы талапкерлерге тегін онлайн сабақтар өткізеді. Оқу жылының басында ҰТО сайтында “Қазақстан тарихы” және “Дүниежүзі тарихы” бойынша 100 дата, “Қазақ әдебиеті” және “Орыс әдебиеті” бойынша әдебиеттер тізімі, “Информатикадан” терминдер тізімі орналастырылды. Сондай-ақ ҰБТ сұрақтары мен тест жоспары құрастырылған оқулықтардың тізімі жарияланды. Яғни талапкерлерде тестілеуді сәтті тапсыру үшін барлық мүмкіндік бар”, – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз