Мүфтият: Биыл Қазақстаннан 4 мың адам үлкен қажылыққа барады

0
288
Kaaba in Mecca Saudi Arabia. Photo: makkah-madinah.accor.com

Биыл Қазақстаннан 4 мың адам үлкен қажылыққа барады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясы корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесіп, тиісті құжатқа қол қойған.

ҚМДБ басшысы қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасау бойынша министрге өз ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан қажыларын жеткізетін әуе тасымалының қызмет құнын халыққа тиімді бағада бекіту, отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қонақүй бағасына барынша жеңілдік жасау, қызмет сапасын арттыру, төлем жасау жүйесін оңтайландыру т.б. мәселелер талқыланған.

Қазақстан бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы және Сауд Арабиясы корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа. Photo: Muftyat.kz

Қазақстан қажыларына қызмет көрсетуге лайықты деп танылған, яғни конкурстық негізде анықталған қажылық компаниялары ұлы сапардың ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарымен айналысады.

Еске салайық, былтыр 4 мың қазақстандық қажылыққа барды. Оларға 14 туристік компания қызмет көрсетті. Қажыларға қызмет көрсетуге лайықты 14 турфирма конкурстық негізде анықталған.

Қажылық – ислам дінінің бес парызының бірі. Денсаулығы мен қаражаты бар мұсылман ғұмырында бір рет қажылық жасауға міндетті. Жыл сайын 180-нен астам елден 2,5 миллион адам Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдинаға қажылыққа барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз