Қазақстанда оқушылар арасында алғаш рет роботтар фестивалі өтеді

0
205
Оқушы роботтарды бақылап тұр.

Қазақстанда алғаш рет мамандандырылған мектеп оқушылары арасында роботтар фестивалі өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оған еліміздің әр өңірінен 159 оқушы қатысады. Фестиваль 10-11 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте өтеді.

Жарыс жеңімпаздары робототехникадан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарына қосылып, алдағы уақытта «FIRST Kazakhstan 2023» республикалық финалына қатысуға мүмкіндік алады.

“Соңғы үш жылда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Сондай-ақ қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы, қазан айында оқушыларымыз Женевада өткен робототехникадан FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетті. Кейін шымкенттік оқушылар Дортмунд қаласында өткен робототехникадан халықаралық олимпиадада алғаш рет екінші орынды иеленді. Бұл жеңістің барлығы біздің дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқанымыздың дәлелі. Робототехниканы дамыту және танымал ету үшін «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары арасында алғаш рет республикалық роботтар фестивалін өткізіп отырмыз”, – дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Унайбеков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз