Қазақстан Түркиядан 1000 тонна жоғары сапалы мақта тұқымын сатып алды

0
100
фото: gov.kz

Түрік кәсіпкерлері қазақстандық фермерлерге тиімді шарттармен 1000 тонна жоғары сапалы мақта тұқымын береді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Саланың негізгі мақсаты нақты нарықтық тетіктерді ендіру арқылы қазақстандық мақта өндірісін бәсекеге қабілетті және жоғары рентабельді ету.

Тиісті уағдаластыққа Шымкентте өткен «Қазақстан Республикасындағы мақта шаруашылығын дамыту перспективалары» бизнес-форумында қол жеткізілді. Түркия Республикасынан шақырылған  қонақтар – «PROgen» компаниясы отандық өсімдік өсірушілерге бөліп төлеу шартымен сатылатын аурулар мен зиянкестерге төзімді мақтаның жаңа сорттарын таныстырды.

«Түркістан» ӘКК тұқым сатып алуға қажетті қарыз сомасын жыл соңына дейінгі мерзімде беруге дайын.

“Мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін, оның ішінде тұрмыстық тауарлар мен мақтаны қайта өңдеу өнімдерін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Бірінші кезеңде ұлттық компаниялар 70% дейін отандық мақта өнімдерін төсек-орын, сүлгілер және т.б. сатып алуы тиіс. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру кезінде жергілікті қамту үлесін 30%-дан 70%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр”, – дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз