Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 4,6%-ға көбейіп, 6440 адамға жетті. Бұл туралы 18 мамыр күні таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Әсіресе, Атырау облысы мен Шымкент, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ондаған адамнан вирус анықталған.
Ақмола облысы – 1
Алматы облысы – 3
Атырау облысы – 86
Жамбыл облысы – 2
Батыс Қазақстан облысы – 13
Қарағанды облысы – 18
Қостанай облысы – 1
Қызылорда облысы – 1
Маңғыстау облысы – 8
Павлодар облысы – 3
Түркістан облысы – 19
Солтүстік Қазақстан облысы – 2
Алматы қаласы – 46
Нұр-Сұлтан қаласы – 20
Шымкент қаласы – 60.
17 мамырдағы мәлімет бойынша, 13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирустан 3256 науқас жазылып, 34 адам қайтыс болған.