Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

0
107

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріп қызметінен кеткенін хабарлады. 

Өзінің фейсбук парақшасында бүгін денсаулық сақтау министрлігіндегі  жұмысының “соңғы күні” екенін, “басшылық арыз жаз” дегенін айтты. 

“Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар! Артық кеткен кездерім болса – кешірім сұраймын! Барлық еңбегім – тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық. Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!”, – деді Ахметшәріп. 

Диас Ахметшәріптің маусым айының ортасында “Ашық алаң” ток-шоуында айтқаны сынға қалған болатын.

 “Қараңыздаршы, күніне мыңға жуық адам қосылып жатыр. Осылай кете беретін болса, не істейміз?  Бізді тыңдап отырған, қазақстандықтар, сенбеңіздер. Ертең сіздер ауырғанда ауруханада орын да қалмайды. Сосын сіздерді ашығын айтқанда, жерлейміз. Мен ресми өкіл ретінде айтамын, сенбеңіздер. Бәрі ойдан шығарылған нәрсе. Қазір дәрігер маман да айтып жатыр, ауруханаларда орын жоқ. Бізді тыңдап отырғандар, егер сенбесеңіздер, сіздер ертең жұқтырасыздар. Сосын орын қалмайды. Аурасыздар, көз жұмасыздар”, – деген еді сол кезде денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз