Қазақстанның экспорты 57 миллиард доллардан асады

0
25
фото: trend.az

Алдын ала қорытындылар бойынша, қаңтар-қыркүйекте республиканың сыртқы сауда айналымы 2,4%-ға, яғни $102 млрд-қа дейін өсті. Бұл туралы үкімет отырысында экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады.

Экспорт $57 млрд-тан астам болды, оның ішінде өңделген тауарлар экспортының үлесі – $18 млрд, тауарлар импортының үлесі – $44 млрд-тан астам. Жалпы, Қазақстанның оң сауда балансы $13 млрд-қа тең.

Есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ға жетті. Салалар арасында ең жоғары көрсеткіштер құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік салаларына тиесілі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз