Қазақстанда бюджетке 10 ай ішінде 15,5 триллион теңге түскен

0
59
Photo: inbusiness.kz

Бүгін үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков баяндама жасады.

10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен кірістердің сомасы 15,5 трлн теңгені құрап, жылдық жоспар 98,3%-ке орындалған.

Атап айтқанда, республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге, жергілікті бюджетке 5,1 трлн теңге қаражат түсті.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,2%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,2%-ке орындалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз