Журналист қыздарды заң күшіне енбейінше тұрмысқа шықпауға шақырды

0
33

Әлеуметтік желідегі парақшасында, белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген, қыздарды қорғайтын заң күшіне енбейінше тұрмысқа шықпауға шақырды.

Дина Төлепберген, әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсылығын білдіріп, депутаттардың сөзіне наразылығын айтты.

«Салтанат Нүкенованың қазасынан соң, ел ішінде наразылық күшейді. Дүрліккен елге басу айтпақ боп депутаттар ішінара криминализация жасалынады, яғни, күйеуіңіз жүйелі түрде жұдырыққа жықса, әрекеті қылмыс деп саналады десті. Санама сыймай тұрған дүние, жүйелі түрде деп нені жеткізгісі келді? 2 рет ұру, 5 рет, 10. Алғашқы арыздан соң тек ескерту алып, ары қарай ашуға булығып әйелін өлтіріп тастамасына кім кепілдік береді? Менің бір ғана айтарым, қыздар, бізді қорғайтын заң күшіне енбейінше, тұрмысқа шықпаңыздар», – дейді тележүргізуші.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз