Алматыда 31 шілде мен 2 тамыз аралығында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды. Бұл туралы Алматы көлік холдингі хабарлады.
“Бас санитар дәрігердің шешіміне сәйкес мереке және демалыс күндері 31 шілдемен 1-2 тамыз күндері Алматыдағы қоғамдық көліктер мен метроның жұмысы тоқтатылады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 5 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстанда карантин шаралары күшейтілді. Ал 29 шілде күні президент Тоқаев карантин шектеулерін тағы екі аптаға – 17 тамызға дейін ұзартты.
Бұған дейін Алматы әкімдігі қоғамдық көлік қозғалысы тек мереке мен демалыс күндері ғана толығымен тоқтайтынын хабарлаған. Ал жұмыс күндері олардың қызмет көрсету уақыты бір сағатқа қысқарған.