Нұр-Сұлтан қаласында вирус жұқтыру қаупінің артуына байланысты 14 қазаннан бастап карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде хабарлады.
- Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен олардың квазимемлекеттік секторының кемінде 60% – ы қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Жеке ұйымдарда карантинге байланысты қашықтан жұмыс жасауды қолға алуы керек;
- Кафе, мейрамхана, бар, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты кешкі сағат 22:00-ге дейін қысқартылады. (9:00-22:00 арасы) Аптаның барлық күндерінде нысан ішінде 30 адамнан артық адам қабылдауға болмайды;
- Нотариустардың, адвокаттық кеңселердің, бухгалтерлердің, консалтингтің, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және т.б. жұмыс кестесі апта бойы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;
- Азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктерге тек жұмыс күндері 18:00-ге дейін жұмыс жасау рұқсат етіледі;
- Монша, бассейн, сауналардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 9:00-ден 19: 00-ге дейін. Алдын-ала жазылу міндетті;
- Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекцияланады.
Осыған дейін полиция мен медицина қызметкерлері бірігіп жасаған рейдтерде көптеген нысанның санитарлық нормаларды сақтамағаны анықталған.