Биыл Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен ауа-райының күрт салқындауына байланысты көптеген нысанға жылу беріле бастаған. Атап айтсақ, балабақшалардың шамамен 50%-ы, денсаулық сақтау нысандарының 25%-ы, білім беру және мәдениет нысандары. Соның ішінде, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін жылытуға қосу бойынша дайындық жүріп жатыр.
Көмірмен қамту мәселесі бойынша жеке сектор тұрғындары үшін көмір қаланың 11 нүктесінде сатылады. Әкімдік мәліметінше, қоймаларда жеткілікті түрде көмір қоры да бар. Көмірдің бағасы, түрлері және саны туралы толық ақпаратты 109 жедел желі нөмірі бойынша білуге болады.