Қазақстан Кабулдағы лаңкестік жарылысты қатаң айыптайды

0
61

Қазақстан 2018 жылғы 27 қаңтарда Кабул қаласындағы дипломатиялық орамында орын алған адамгершілікке жатпайтын, нәтижесінде жүзден аса адам қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану – аса жан түршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет.

Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады.

Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз.

Еске сала кетейік, Ауғанстан астанасы Кабулда лаңкестер мемлекеттік мекемелер мен шетелдік дипломатиялық өкілдер қызмет атқаратын Кабул шоссесіндегі бақылау бекетінде жарылғыш зат тиеген «жедел жәрдем» көлігін жарып жіберді.

Лаңкестік жарылыс салдарынан 230-ден астам зардап шегіп, жүзден астам адам қаза тапты. Жергілікті полиция қызметкерлері мен дәрігерлерлің айтуынша қаза тапқандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар. Лаңкестік шабуылды “Талибан” ұйымы жауапкершілігіне алды. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз