Кабулда лаңкестік шабуыл: қаза тапқандар саны 100-ден асты

0
134

Ауғанстан астанасы Кабулда болған ауқымды террорлық шабуылдан көз жұмғандардың саны жүзден асты.

Еuronews-тың мәліметінше, сенбіде лаңкестер мемлекеттік мекемелер мен шетелдік дипломатиялық өкілдер қызмет атқаратын Кабул шоссесіндегі бақылау бекетінде жарылғыш зат тиеген «жедел жәрдем» көлігін жарып жіберді. Лаңкестік жарылыс салдарынан 230-ден астам зардап шегіп, 103 адам қаза тапты. Жергілікті полиция қызметкерлері мен дәрігерлерлің айтуынша қаза тапқандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар.

Қайғылы оқиға орнына жақын маңда Швеция мен Нидерланды елшілігі, Үндістанның консулдығы сонымен қоса Ұлттық қауіпсіздік анықтамалығы орналасқан. Арнайы қызмет қөкілдерінің пайымдауынша аталған орындар террористік актнің басты мақсаты болуы мүмкін.

Ауқымды терракт үшін жауапкершілікті «Талибан» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.

Ауғанстанда лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар үшін аза тұту күні жарияланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз