АҚШ: «Астана процесі күйреуге ұшырады»

0
59

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Сыртқы істер министрлігі (Мемлекеттік департаменті) баспасөз қызметінің басшысы Хизер Нойерт журналистерге арналған баспасөз отырысы барысында Сириядағы тұрақтандыру процесі бойынша Ресейдің соңғы ұстанымдарын сынға алды. Нойерттің айтуынша, Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздер күйреуге ұшырады, ал Сирияда құрылған деэскалация аймақтары «фарс» қана. РБК таратқан ақпарға сәйкес, брифингтағы жазбалар сайтта жарияланған.

Брифинг барысында Нойерт Сириядағы Шығыс Гутаға қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, «Сирия режимі» бойынша соңғы сәтте Гутада 400 бейбіт тұрғынның жер құшқанын алға тартты. Нойерт өз сөзінде «Сирия режимі» Ресейден ғана емес Ираннан да қолдау көруде, Ресей қолдауынсыз сириялық билік, қаза мен қағида бұзушылық болмайтын еді деп мәлімдеді.

Нойерт АҚШ Астана процесіне қатысады ма деген сұрақтың жиі қойылатынын айтып,  Сириядағы жағдай «Астана процесінің құрдымға кеткенін көрсетеді» деген пікірде.

«Астана процесі нені алға тарқанын еске алсаңыздар? Ресей мен Иран процесте кепіл елдер болды. Олар (кепіл елдер, құрамында Түркия да бар – ред) деэскалация аймақтарын құрды, сол аймақтардың бірі Шығыс Гута. Олар (кепіл елдер-ред) адамдарды аштан қатырды, аймаққа гуманитарлық көмек енгізбеді, біз бейкүнә адамдардың өлімін көрдік»

– деп мәлімдейді Нойерт.

Нойерт ақиқатында бұл деэскалация аймақтары еместігін әрі кепіл елдер қайтадан деэскалация аймақтарын құруға ұмтылыс жасайтындарын айтып, ендігі келіссөздердің Женевада өткенін қалайтындарын алға тартты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз