Голландия «армян геноцидін» мойындады

0
72
дереккөзден

Голландия Парламенті Осман империясы тұсында армяндардың қырылуын геноцид деп ресми мойындады. Сәйкес қарар жобасына 22 ақпанда әр түрлі фракциядағы голланд депуттарының басым көпшілігі қолдап дауыс берген.

Өз кезегінде ел билігі бұған дейін армян геноцидін мойындамайтындарын, дегенмен 24 сәуірде армяндардың ауыр қайғысын кезекті еске алу шарасына Ереванға өз өкілдерін жіберетіндерін мәлімдеген еді, деп жазады Dwa.com.

БАҚ Осман империясындағы армяндар геноцидін Голландияның мойындауы онсыз да шиеленісіп тұрған Түркия мен Голландия қарым-қатынасын күрделендіретінін атайды.

2016 жылы герман бундестагы 1915-16 жылдары Осман империясында армяндардың қырылуын геноцид деп қабылдау туралы қарар қабылдады. Бұл Анкарада күрт реакция тудырып, түрік тектес бундестаг депуттарының қуғын-сүргінге ұшырау қаупі төнді.

Түркия мен Голландияда шиеленіскен қарым-қатынас

Әр түрлі бағамдаулар бойынша, Осман империясы тұсында 1915-16 жылдары 1,5 миллионға дейін армяндар қырылған. Ресми түрік билігі аталған фактіні геноцид деп қабылдауға наразылық танытты.

Бұған дейін де Түркия мен Голландия қарым-қатынасына селкеу түскен еді. Түркия мен Голландия арасындағы дипломатиялық жанжал 2017 жылдың наурызында ушықты. Голландия билігі қауіпсіздік мақсатында Түркия Республикасының екі министрінің елге кіруіне кедергі жасады. Бұдан өзге Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мінген ұшақтың Голландияға қонуына рұқсат берілмеді, отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Каяға Голландия тарапынан депортация жасалды. Жауап ретінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған голландықтарды ұлтшыл деп атап, тез арада кешірім сұрауды талап етті, әрі Голландияға қарсы ең қатал шараларды қолданатынын алға тартты. Бұл шешімнің бір көрінісі, сол сәтте демалыстағы Голландияның Түркиядағы елшісінің қызметіне қайта келуіне тыйым салынуы еді. Осы жылдың 6 ақпанында Голландия Түркиядағы елшісін ресми қайтарды. Дегенмен, армяндар геноцидіне қатысты қарар қабылданып, дау туғаннан кейін бүгін 23 ақпанда Түркия СІМ Голландияның уақытша сенімді өкіл елшісін Анкараға шақырды. Daily Sabah таратқан ақпарға сәйкес, Түркия СІМ армян геноциді қарарын Голландияның Түркияға деген жөнсіз қатынасы деп санайтындарын мәлімдеген.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз