Трамп Мәскеу мен Тегеранды айыптады

0
100
дереккөзден

АҚШ президентінің пікірінше, Мәскеу, Тегеран және Дамаск жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапқан Шығыс Ғұтадағы гуманитарлық дағдарыс үшін жауапты.

Өз кезегінде Дональд Трамп Мәскеу мен Тегеранды Сириядағы жағдай бойынша айыптады.

«Ресей, Иран және Сирия тарапынан жасалған әрекеттер гуманитарлық тұрғыда үлкен ұят. Аталған үш мемлекеттің адамдарға жасап жатқаны ұят әрекет»

 – деп мәлімдеді 23 ақпанда Австралия премьер-министрі Малколм Тёрнбуллмен өткен баспасөз конференциясы барысында АҚШ президенті Дональд Трамп.

Трамп өз сөзінде АҚШ Сирияда «Ислам мемлекетімен»* күресу үшін ғана бар екенін алға тартты, деп жазады Dw.com.

«Біз онда (АҚШ-та -ред) бірақ мақсатпен ғана – «Ислам мемлекетінен»* құтылып, үйге оралу үшін ғана бармыз».

Шығыс Гутадағы гуманитарлық апат

Соңғы уақытта Сирия әскері бүлікшілердің қарамағындағы Шығыс Ғұтада қарқынды шабуыл әрекеттерін жасап жатыр. «Сириядағы адам құқығын қорғау бақылау кеңесінің» мәліметіне сәйкес, Ғұтада екі тәуліктің ішінде 250 адам қаза тапқан.

Бомбалау салдарынан аймақта азық-түлік, медициналық қажеттіліктер мен таза су жетіспеушілігі сезілуде, деп хабарлайды жағдайға куәлер.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз